Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы 2014 жылдың үздік спортшыларын атады.
Былтыр Алматыда өткен әлем біріншілігінде топ жарған ресейлік Татьяна Каширина мен дүниежүзінің төрт дүркін чемпионы, қазақ елінің өкілі Илья Ильин Йено Боскович атындағы кубок иегерлері деп танылды.
World weightlifting журналы тағайындайтын жүлде әлем жанкүйерлері тарапынан берілген дауыс саны бойынша анықталады.
Марапатты өткізуге дүниежүзілік ауыр атлеттер федерациясының президенті Томаш Аян арнайы келді. Премьер министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ашқан салтанаты жиын кезінде ел ауыр атлетикасындағы табыстар тағы да түстелді.
Астанаға олимпиада чемпионы Нику Владтың да жолы түскен екен. Влад қазір халықаралық қауымдастықтың вице-президенті саналады.
Марапат кезінде сөз алған Илья Ильин қазақ ауыр атлетикасының бағындырар шыңы әлі де алда екендігін айтты. Сондай-ақ өзінің ізбасарлары өсіп келе жатқанын да тілге тиек етті.
“Адамгершілік қасиеті жоғары. Адамды сыйлай біледі. Адаммен сөйлесе біледі. Ол да үлкен қасиет. Енді Ильядан үйренетін зат көп. Ильямен қазір бірге жұмыс істейміз”, – дейді ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев.
Дереккөз: 24.kz
http://www.nur.kz/365189.html