Ал сайлау орталықтарының ең көп орналасқан аймағы Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Астанада сайлау учаскелерінің саны 254. Алматы қаласында 513. Ал, Ақмола облысында дауыс беретін 808 орын бар. Ақтөбеде 521 сайлау бөлімшесі болса, Алматы облысында 883. Атырау облысы бойынша 232 дауыс беру қосыны бар. Шығыс Қазақстан облысында учаскелер саны 1 мың 79 болса, Жамбыл өңірінде 461. Ал батысқазақстандықтар 523 сайлау орындарында өз таңдауын жасайтын болады. Қарағанды облысында 784, Қостанай өңірінде 847 сайлау учаскесі бар. Қызылорда облысында 345 дауыс беру орны болса, Маңғыстауда 177. Павлодар облысындағы бөлімше саны 576, ал Солтүстік Қазақстанда 709, Оңтүстік Қазақстанда учаске саны 1 мың 29. Сайлау науқанына қатысудағы белсенділік еліміздің барлық өңірлерінде қарқын ала бастады. Аймақтардағы ел тұрғындарының саяси науқанға қатысуы шетелдік және отандық байқаушылардың жіті назарында.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/61124-zhasauda