Халықаралық сарапшы Карл Оллингердің айтуынша, дауыс беруге келген азаматтар темірдей тәртіп сақтап, рет-ретімен өз таңдауын жасаған. Карл Оллингер, халықаралық байқаушы: – Сайлаушылардың бір-біріне жол беріп, кезек-кезегімен кабиналарға кіріп жатқанын көрдім. Сайлауға сіздер жақсы дайындалыпсыздар. Осынау саяси шара алдында барлық учаскелердің жақсы дайындалып, халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарының жүргізілгені көрініп тұр.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61142-aldyrdy