Алматының сегіз ауданында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

0
616
5
Президент сайлауы Алматы қаласында нағыз қызған шағында. Қазақстандағы ірі мегаполистегі дауыс беру процесі қалай өтіп жатыр? Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Медеу ауданы 29-округке қарайтын №378 сайлау учаскесі орналасқан. Дауыс беру үдерісі белгіленген ережеге сай дәл сағат 7:00-де басталды. Бұл жерде жақын маңда тұратын 3000-ға жуық адам өз таңдауын жасайды. Жалпы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, шаһарда бір миллион 28 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы. Бүгін қаланың сегіз ауданында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 21 учаскенің Алматыға жаңа қосылған Наурызбай ауданында орналасқанын да атап өткен жөн. Биылғы электораттық науқанды ұйымдастыру кезінде материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Әрбір азамат Алматы қаласының ресми сайтынан немесе барлық аудандарда жұмыс істеген кол-орталықтардан өзінің қай жерде дауыс беретінін алдын ала біліп отырды. Сондай-ақ сайлаудың тиісті заңнама талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету мақсатында қаланың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен мүшелері үшін арнайы семинарларда ұйымдастырылған еді. Алматыда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары да жұмыс істеуде. Бүгін олар сайлаудың өту барысы туралы бірнеше рет арнайы баспасөз-мәслихатын береді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/61150-zh-mys-istep-t-r

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз