ОСК дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жария етті

0
441

Республика бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты.

Photo: ОСК дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жария етті

“Сіздерге Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат 10.00-ға сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 10-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 19,17 пайызы сайлау бюллетенін алды”, – деді комиссия мүшесі.

Сүлейменнің атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша – 23,48, Ақтөбе облысы бойынша – 16,8, Алматы облысы бойынша – 26,10, Атырау облысы бойынша – 11,13, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 27,31, Жамбыл облысы бойынша – 21,69, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,11, Қарағанды облысы бойынша – 21,6, Қызылорда облысы бойынша – 22,03, Қостанай облысы бойынша – 27,61, Маңғыстау облысы бойынша – 16,92, Павлодар облысы бойынша – 21,32, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26,45, Оңтүстік Қазақастан облысы бойынша -13,89, Астана қаласы бойынша – 12,92, ал Алматы қаласы бойынша – 8,33 пайызды құрайды.

“Өздеріңіз білесіздер, дауыс беру 9741 сайлау учаскесінде жүріп жатыр. Қазіргі сайлау учаскелерінен келіп түскен мәліметтерге сәйкес сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары”, – деді ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз