Сарапшы пікірі: Сайлауға белсенді қатысу Қазақстан қоғамының саяси кемелденуін білдіреді

0
467
2
Президенттік сайлауға белсене қатысқан жұрттың қарасы Қазақстан қоғамының саяси кемелденуін білдіреді. Таңнан бері учаскелерді аралап жүрген Латвия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Арнис Цимдарстың тұжырымы бұл.
Қазақстан мен Латвия екіжақты келісімшарт негізінде тәжірибе алмасуға уағдаласқан. Осы орайда тәуелсіз байқаушы біздегі сайлау барысынан көп нәрсені көңілге түйіп, өз елінде іске асырмақшы.
Арнис Цимдарс, халықаралық сарапшы /Еуроодақ/:
– Мен қазіргі уақытқа дейін бірнеше сайлау учаскесіндегі жағдаймен таныстым. Қай-қайсысын алсаңыз да, адам лық толы. Ұзын-сонар кезек халық көңіліне қаяу түсірмеген, бұқара көңілді. Мен тілдескен халық өзінің саналы түрде таңдау жасап жатқанын түйсінеді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/61316-iredi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз