Еуроодақтан арнайы келген байқаушылар дауыс берудің әділ әрі ашық өтіп жатқанына көз жеткізгендігін алға тартады.
Олар осы уақытқа дейін бірнеше сайлау бөлімшесін шолып шығып, отандастарымыздың белсенділігіне тәнті болған.
Мурад Мирзоянц, халықаралық байқаушы (Еуроодақ):
– Ешқандай араласушылық көрген жоқпыз. Демократиялық жолмен өтіп жатыр. Біз 3-4 учаскеде болдық.
Гедиминас Якавонис, халықаралық байқаушы (Еуроодақ):
– Жергілікті сайлау комиссиясы өз міндетін мінсіз атқарып жатыр. Дауыс беруге келіп, өзін тізімнен таппаған тұрғындар бола қалса, жедел тіркелуге мүмкіндік жасалған. Ұйымдастырушылық деңгейі жоғары, бәрі жүйелі жүргізіліп жатыр.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/61318-nsiz-at-ardy