Саясаттанушылар: Қазақстандықтардың белсенділігі сайлауалды науқанның жүйелілігінің арқасы

0
399
1
Халықтық таңдау процесіне қазақстандықтардың белсенді қатысуы сайлауалды науқанның жүйелі жүргізілгендігінің арқасы деп санайды саясаттанушылар. Олардың пікірінше, электорат саяси маңызды шара жайлы қажетті ақпаратпен толық қамтылған.
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
– Тек Астана емес, бүкіл Қазақстан бойынша сайлаушылардың келуі өте жоғары. Әлеуметтік желілерде бүгінгі сайлау процесінің дұрыс және өте салтанатты өтіп жатқандығы жан-жақты жазылып жатыр. Сонымен бірге барлық жазылған пікірлер позитивті.
Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы:
– «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының онлайн-эстафетасы, автошеруі одан кейін ел.kz әлеуметтік желісінің постерлер байқауы, соның барлығы халықты дауыс беруге шақыруға бағытталған болатын. Яғни бүкіл іс-шаралардың барлығы бекер өткізілмеген. Соның нәтижесін бүгінгі сайлауға халықтың белсенді қатысу деңгейінен көруге болады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/61307-ni-ar-asy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз