Алып мегаполисте сайлау жоғары деңгейде өтті

0
421
5
Алматыда 2012 жылы өткен парламенттік сайлауға қарағанда, дауыс берген азаматтар саны 60 мыңға артқан.
Қала тұрғындарының басым бөлігі дауыс беруге таң сәріден келді. № 378- сайлау бөлімшесінің комиссия мүшелері Конституциялық заңда белгіленген тәртіпке сай дауыс беруді жабық деп жариялады. Демек Алматының басқа да сайлау учаскелері қазір өз жұмысын тоқтатты. Енді комиссия құрамындағылар сайлаушылардың есебін жүргізіп, олардың жалпы санын анықтайды. Сондай-ақ қолданылмаған барлық бюллетень жойылғаннан кейін, сайлау жәшігі ашылып, қай кандидаттың қанша дауыс жинағаны есептеледі. Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, 2012 жылы өткен Парламент сайлауына қарағанда, дауыс беруге құқылы азаматтардың саны шамамен 60 мыңға артқан. Әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты жері бойынша шақырту берілді. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, танымал әншілер мен атақты спортшылар да бар. Жалпы, бүгін Алматы қаласының 8 ауданында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Алматыдағы дауыс беру барысын бағамдау үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан 60-тан астам байқаушы өтініш білдірген екен. Олар өздері қалаған сайлау бөлімшесінде болып, ондағы жұмыспен танысып қайтты. Байқаушылар тобы бүгін бірнеше рет баспасөз мәслихатын өткізіп, сайлаудың заң талаптарына сайма-сай өтіп жатқанын мәлімдеді. Сағат 22:00-де норвегиялық байқаушылардың қатысуымен тағы бір брифинг өтеді деп жоспарланып отыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61304-de-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз