Ләззат Сүлеймен: Қазіргі уақытта дауыстарды санау жүргізіліп жатыр

0
633
6
Еліміздің барлық өңірлері бүгін сайлауға түгел дерлік қатысты.
Халықтың дауыс берудегі белсенділігі тым жоғары болды. Мамандардың айтуынша, тіпті бұрың-соңды болмаған көрсеткішке жетіп отыр.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – халықтың қатысуы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткендігінде. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар растап отыр. Біздің елде Президент сайлауына қатысуышылар саны қашан да жоғары болатын. Сайлау заң шеңберінде өтіп, азаматтардың құқықтары сақталды. Сағат 20:00-ден бастап дауыстарды санау басталды. Енді 12 сағаттан соң санау аяқталады. Содан кейін учаскелік сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссияларына құжаттарын алып келеді. Сонын соң ОСК-ға жеткізіліп, хаттама негізінде алдын ала қорытынды шығарылады.
Прокуратура органдарына сайлау заңнамасының өрескел бұзылуы туралы қандай да бір өтініш немесе арыз-шағым түскен жоқ. Дауыс берудің барлық кезеңінде прокурорлар сайлау комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік органдарымен тұрақты байланыста болды.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61337-p-zhatyr

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз