Германиялық байқаушы Карин Штренц Қазақстандағы президенттік сайлауға қатысқан халықтың белсенділігіне жоғары баға берді.
Бундестаг депутатының айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі таңсәріден сайлау бөлімшесіне келіп, кезекке тұрған. Мысалы, Көкшетауда халықтың басым бөлігі түске дейін өз таңдауларын жасады.
Карин Штренц, Бундестаг депутаты:
– Біз өз таңдауын жасау үшін сағат 07:00-де келген азаматтарды көргенде, қайран қалдық. Көкшетау қаласында жүргенде, халықтың 50%-ы түске дейін дауыс беріп үлгергені жайлы мәлімет алдық. Біздің елімізде де осындай сайлау науқанының қызу өткенін қалар едік.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61340-edik