Жасанды аралдағы 12 мыңнан астам мұнайшы дауыс берді

0
440
1
Президент сайлауына Атырау облысындағы 12 мыңнан астам мұнайшы жұмыс орындарынан тікелей дауыс берді.
Олардың қатарында тек облыс тұрғындары ғана емес, ауысыммен жұмыс жасап жатқан өзге өңірдің өкілдері де бар. Мұнайшылардың 700-ден астамы Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңында жұмыс істейді.
Өр суы тасып, теңізде толқын көтеріліп жатқан қазіргі шақта Қашаған аралына тек тікұшақ қана қатынай алады. Сайлау күні алыс аралдарда жұмыс жасап жатқан қазақстандық азаматтар үшін екі сайлау учаскесінің өкілдері тікұшақпен келді. Олар алдымен Каспий қайраңындағы ең ірі аралға тоқтады. Көлемі 1 мың 400 шаршы метрді алып жатқан жасанды аралда мұнай дайындау зауыты орналасқан. Оны бес аралдың құйылысы деп те атайды. Себебі мұнда әлемде баламасы жоқ «Қашаған» кенішінің күре тамыры саналатын технололгиялық кешен тұр. Сайлау күні аталған аралындағы 700-ден астам мұнайшы өз таңдауларын жасады.
Балтабек Мерей, дәнекерлеуші:
– Мен өте қуаныштымын. Үйден алыста болсақ та, Каспий теңізінің ортасында дауыс беруге мүмкіндік болып жатыр. Осылайша Отан алдындағы парызымызды орындадық.
Жасанды аралдарда жұмысшылардың дауыс беруі үшін сайлау бүгін мұнай өндіру аралдарындағы жұмыс уақытша тоқтатылды. Ал дауыс беру шарасы адамдар тасымалына арналған жүзбелі баржаларда жүзеге асырылды. Тікұшақтың көмегімен осылайша Каспийдегі 5 аралдың жұмысшылары уақтылы дауыс берді.
Нұрлан Жамалов, мұнайшы-оператор:
– Таңертең ауа райы қалай болады деп сәл қобалжыдық. Шүкір, ауа райы түзелді. Комиссия мүшелері мінген тікұшақ аман-есен қонды. Біз дауыс беруге мүмкіндік алдық.
Сондай-ақ бүгін ауысыммен жұмыс істейтін тағы бір нысан «Теңіз» кен алаңындағы 9 мың отандасымыз және «Болашақ» мұнай дайындау зауытындағы 2 мың 300 жұмысшы дауыс берді. Осылайша Атырау облысы бойынша 12 мың мұнайшы сайлау науқанына белсенді қатысты.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61359-uys-berdi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз