ҚР Президентінің сайлауы кезінде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі белгілі болды

0
477
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезінде жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі белгілі болды. Саяси науқан барысында 180 сайлау бөлімшеcінде дауыс беріп шыққан 23 мыңнан астам қазақстандықтан сұрақ-жауап алынған.
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеу институтының президенті Гүлмира Илеуованың хабарлауынша, ел Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаев 97,36% дауыс жинаған. Рейтинг бойынша екінші орында коммунист Тұрғын Сыздықов тұр. Оның үлесінде 1,78% дауыс бар. Ең аз дауыс өзін-өзі ұсынған үміткер Әбілғазы Құсайыновтың еншісінде. Оған электораттың 0,86%-ы дауыс берген.
Сайлау процесінен кейін шұғыл сауалнама жүргізу елдегі саяси мәдениет пен демократияны дамытуға септігін тигізеді. Осы тектес әлеуметтік сауалнамалар халықаралық тәжірибеде белсенді қолданылып келеді. Өйткені Exit poll сайлаудың қаншалықты әділ әрі ашық өткенін көрсетеді.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61364-boldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз