Мәдениеті аяқ астына тапталған үндіс актерлер түсірілімнен кетіп қалды

0
439
4
олливуд актері Адам Сэндлер түсірілімін бастаған жаңа фильмнен үндіс тайпасынан шыққан 12 әртіс кетіп қалды.
Олармен бірге үндіс мәдениеті жөнінен кеңес беруші де ренжіп кеткен екен.
Себебі әзірге «Нелепая шестерка» деген атаумен түсіріліп жатқан фильмде Сэндлер үндіс тайпаларының ар-ожданы мен намысына тиетін сәттерді түсірмек болған, деп жазады lenta.ru. Фильмдегі әйел кейіпкерлерге сексуалды жағынан алғанда тіл тигізетін лақап аттар қойылған. Ал үнділердің дәстүрлі бас киіміндегі құс қанаттарының түсі жағынан қате орналастырылған реті де ежелгі халықтың шамына тиген. Ең сорақысы, апачи тайпасынан шыққан актриса үнділердің сүйікті шылым өнімі «әлем түтігін» тарта тұра, кадрде кіші дәретке шығуы тиіс болған екен.
Навахо тайпасының өкілі актер Лорен Энтони Instagram желісіндегі парақшасы арқылы бұл жобаға әуел бастан қатысқысы келмегендігін айтты. Тек продюсер түсірілім барысын үнді мәдениеті жөнінен кеңесші қадағалайтындығын айтқан соң ғана келіскен екен.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/61294-m-denieti-aya-astyna-taptal-an-ndis

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз