ШҚО-дағы сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

0
381

 

Өскеменнің «Eurasia» сауда үйінде 2-жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

https://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=8CSEtKHcNNc

Оқыс оқиға «Eurasia» сауда үйінде (бұрынғы «Дом быта») өткен жұмада орын алды. 2-жасар бала 3-қабаттың баспалдақтарынан 1-қабатқа дейін құлаған.

Оқиға куәгерлері анасымен келе жатқан 2-жасар баланың аяғы тайып, баспалдақтан төмен қарай құлағаннан ауыр жарақаттар алғанын әлеуметтік желілерде айтуда. Видеоны жүктегендер бүлдіршін баспалдақтың тайғанақ болуынан құлады деп отыр.

Сауда үйінің қауіпсіздік қызметі оқыс жағдай анасының баланы қараусыз қалдырғанынан болды деп түсіндіруде.

Оқиға куәгерлері жедел-жәрдем шақырды. Ана және бала орталығы бірнеше баланың жарақаттармен емханаға түскенін растағанымен, бүлдіршіннің денсаулық жағдайы туралы ақпарат берілмеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз