Ендігі кезекте жаңа сайланған президенттің иннаугурациясын күту қалды.
Кейбір дереккөздерінің айтуынша, Президенттің иннаугурациясы 2015 жылдың 1 мамыр күні өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 70 бабында көрсетілгендей, бұрынғы Үкіметі жаңа сайланған Президенттің алдында өзінің барлық құқықтық лауазымын тапсыруы тиіс. Яғни, Конституцияға сәйкес, Қазақстанда 1 мамырда Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов мырза басшылық ететін Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Содан кейін, саяси партиялар фракциясымен кеңескеннен кейін жаңа президент, жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын Мәжілістің талқысына жібереді.
Мәжіліс депутаттары кандидатураны мақұлдаған жағдайда, Президент оны жаңа қызметке тағайындайды. Жаңа тағайындалған Премьер-министр он жұмыс күнінің ішінде Үкімет мүшелерін жасақтау туралы структурасын Президентке ұсынуы керек.
Нұрзат Тоғжан