Непалдағы жер сілкінісі кезінде қазақстандық азаматша жоғалып кеткен

0
534

ZIL-zala
Непаллдағы жер сілкінісі кезінде орыс тілді үш адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы ресейлік Lenta.ru сайтына «Ананта» туристік агенттігінің директоры Мария Ефимова мәлімдеген.

Оның айтуынша мәскеулік екі азамат тауға шығып кеткен. Ал олармен бірге гид (жол нұсқаушы) қызметкері болып жұмыс істейтін Лена Шерп есімді қазақстандық азаматша болған. Тауға шығып кеткен ресейлік және қазақстандықтардан ешқандай хабар-ошар болмаған. Жоғалып кеткендер қаза болғандар тізіміне қосылған.

Алайда 26 сәуір күні Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непалдағы жер сілкінісі кезінде жапа шеккен қазақстандықтар жоқ деген мәлімдеме жасаған болатын.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Непалдағы табиғи апаттан қаза тапқандардың саны 3 мыңға жуықтаған. Сондай-ақ, мыңдаған адам түрлі дене жарақаттарын алған. Непал астанасы Катмаңдуда көптеген ғимараттар қирап, Гималай тауынан көшкін жүрген.

7,9 балдық сілкініс 25 күні тіркелген. Эпицентрі Непал астанасы Катмаңдудан солтүстік-батысқа қарай 82 шақырым жерде болған. Сонымен қатар, Үндістанның солтүстік-шығыс бөлігінде де жер сілкінген. Кейінірек, екі ел шекарасында 20-ға жуық афтершок тіркелген. Қазір оқиға орнында құтқарушылар қызмет етуде.

Нұрзат Тоғжан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз