Елбасы сайлаудан кейін елде девальвация болмайтынын мәлім етті

0
412

Ақордада қазақстандық және шетелдiк БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен өтiп жатқан баспасөз мәслихатында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейiн девальвация болмайтынын мәлiм еттi.

Photo: Елбасы сайлаудан кейін елде девальвация болмайтынын мәлім етті
“Сайлаудан кейiн ондай ештеңе болмайды. Қалай жұмыс жасап жатырмыз, солай iстей беремiз. Бұған ешқандай себеп жоқ, мен бұл туралы айтқан болатынмын. Қазақстандықтар менi бiледi, егер ондай бiрдеңе болса, мен өзiм айтамын және бұдан қалай қорғанатынымызды айтамын”, – дейдi Назарбаев.

“Ресей рубльiне байланысты сәл толқу болды, өйткенi, бiздiң елдер арасындағы сауда көлемi үлкен. Қазiр бәрi тұрақты. Ешқандай мұндай жоспар жоқ, бұған еш себеп жоқ”, – деп қадап айтты елбасы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз