Жексенбі күні сағат 22.24-те “Адем” сауда орталығында өрт шықты. Өрт алаңы 25 мың шаршы метрді құраған.
Қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсеннің айтуынша, өрт саған 11.50-де толығымен сөндірілген.
Өрт кезінде азаматтар арасында да, өрт сөндіру қызметкерлерінің арасында да зардап шеккендер болған жоқ. Сонымен қатар, қалалық ТЖД өрт кезінде зардап шеккендерден өтініш қабылдайтын штаб құрылғанын айтты.
Бүгін қалалық ТЖД “Адем” сауда орталығындағы өрттің толығымен сөндірілгенін және қаза болғандардың жоқтығын мәлімдеді.
Дереккөз: Nur.kz