Басты саяси дода ең көп дауыс берілген сайлау ретінде тарихқа енуі мүмкін

0
487
2
Биылғы басты саяси дода ең көп дауыс берілген сайлау ретінде тарихқа енуі мүмкін. Өйткені электораттың белсенділігі жоғары болды.
Бүгін Астанадағы арнайы форум барысында сарапшылар осындай баға берді. Сол жағалаудағы кеңселердің бірінде бас қосқан саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар күні кеше өткендауыс беру барысын талқыға салды. Әсіресе жыл өткен сайын жерлестеріміздің саяси мәдениеті артып келе жатқаны айтылды. 2 сағатқа созылған басқосуға Skypeбайланысы арқылы Қытай мен Корея елдерінің мамандары қатысқан еді. Олар да қазақстандықтардың азаматтық парызын өтеуге деген ықыласы ерекше болғанын атап өтті.
Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:
– Қазақстандағы сайлау түрлі геосаяси сындарға қарсы өткізілгені белгілі. Бірақ жерлестеріміз өз таңдауын жасауда үлкен белсенділік байқатты. Отандық саясаттанушылар да осындай болжам жасаған болатын. Өйткені Қазақстанның ертеңі жарқын да кемел болғанын елдегі әрбір адам қалайды.
Джейкоб Зенн, халықаралық сарапшы:
– Қазір әлем елдерінің көбі терроризм, соғыс және экономикалық құлдырау сияқты түрлі қиындықтармен күресуде. Ал Қазақстанның ондай мәселелерден ауылы алыс. Осындай сайлаудың өтуінің өзі ішкі тұрақтылықтың белгісін білдіреді. Иә, ішкі жағдайлардың ықпалы үлкен.Қазақстан Президентін таңдауға бүкіл халық келді.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/61544-retinde-tarikh-a-enui-m-mkin

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз