Қазақстан президентін ұлықтау 29 сәуірде өтеді

0
546

 

Кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы 29 сәуірде өтеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.

_17

ОСК-ның қорытынды деректеріне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,75%-ы дауыс берді.

“Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 29 сәуірді – 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда сайланған  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант қабылдау күні деп белгілеуді қаулы етеді”, – деді  Бақыт Мельдешов.

Солнымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болып тіркелді.

“Сіздің қарауыңызға 2015 жылғы 26 сәуiрдегi кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан президентiн тiркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы жобасына сәйкес, Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан президентi болып тiркелсiн. Тiркелген президентке тиiстi куәлiк тапсырылсын”, – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз