Соңғы мәліметтерге сай, Непалда зілзаладан 4 мың 300-ден астам адам қаза тапты.
Тағы 6,5 мыңы жарақат алған. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, елде 8 миллионнан астам адам зардап шеккен. Олардың шамамен 1,4 миллионы азық-түлікке зәру. Өңірде дәрі-дәрмек пен бірінші қажетті заттар да тапшы. Жағдайды алдағы күндері нөсер жаңбыр жауады деген болжам ушықтырып отыр. Себебі лай көшкіні қаупі бар. Оған қоса, ауа райының қолайсыздығы құтқарушылардың жұмысына кедергі болып, жолы қиын аймақтарға азық-түлік тасымалдауды қиындатпақ. Айта кетейік, 25 сәуірде Непалда магнитудасы 7,9 балдық жер сілкініп, салдарынан он мыңдаған үй қирап қалды. Катмандуда әуежай жабылып, жарық жоқ. Қазір мәйіттерді жаппай өртеу басталды.
Кашинатх Саштри, жергілікті тұрғын:
– Кремация бүгін таң сәріде басталды. Непал билігі мәйіттерді 24 сағат ішінде өртеуді тапсырды. Әскерилер отындықпен қамтамасыз етті. Мәйіттер табылған жерде өртеледі.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/61582-4-my-nan-asty