«Елбасына қарсы пікір жазғандарды қара тізімге жіберемін!»

0
448

 Халықтың қара тізіміне кіріп кету қиын емес екенін осы әншілер қашан түсінеді екен?..

 

 

 

aLTYNAI

Белгілі  әнші Алтынай Жорабаева инстаграмда  осылай мәлімдеді.

«Патшаны да Аллаһ таңдайды, біз тек себепшіміз. Керемет сын айтқыштарға айтарым,  егер сіз керемет болсаңыз неге елбасының орнында емессіз? Одан да, басқа елдерге қарап шүкір дейік. Патшамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық берсін».

Иә, ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты әлемдегі ең мықты саясаткердің маңдайалдысы дей отырып,  президентімізді сынап,  тіл тигізгендерді тікелей қара тізімге жіберетінін айтты.

@Әрине, Елбасымызды бәріміз де қолдаймыз, бірақ ол үшін елге қатаң ескерту жасап сес көрсету деген ел адамына жарасатын қылық па? Ханға жағынамын деп, халықтың қара тізіміне кіріп кету қиын емес екенін осы әншілер қашан түсінеді екен?..

Біреуі итіне екі литр сүт беріп, соғым алады, біреуі жалаңаштанып, «ана тілімді білмеймін, ал неғыласың?» дейді, біреуі  «Қозы-Баяннан бастап,  қазақтың дастандарын оқытпау керек» дейді…

Ал халық не дейді? Онымен шаруасы жоқ бұлардың…

Махамбет ЕРҒАЛИ

gu-gu.kz

 

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз