Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 29 сәуірде өтеді

0
424

Uluqtau

Президенттің 2011 жылғы қызметіне кірісу рәсімі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі 29 сәуірде өтеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант беру рәсімін 2015 жылдың 29 сәуіріне белгілеуді қаулы етті», – деді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов қаулыны оқи отырып.

Қаулы бірауыздан қабылданды.

Еске сала кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті.  Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша,Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз