ОҚО-да өмірден түңілген әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірді

0
492

 

Оңтүстік Қазақстанда жантүршіктірерлік қылмыс жасалды! Сарыағашта әйел 2 қызын өз қолымен қинап өлтірді деп хабарлайды КТК арнасы.

jfghkjfdgfdk.jpg

11 жасар Балым мен 9 жасар Аманкүлді туған шешелері буындырып тастаған. Тергеушілерге берген жауабында Фируза Тулағанова есімді келіншек, мұндай сұмдыққа өмірден түңілген соң бардым депті. Қамауда отырған қатыгез ананың қазір ақыл-есі тексерілуде.

Сарыағаштағы Жүсіпбек Аймауытов мектебінің ұжымы мен оқушылары әлі есеңгіреп жүр. Күнделікті қол ұстасып сабаққа келетін апалы-сіңілі Балым мен Аманкүлдің өлімі туған анасынан келгенін естіп жағасын ұстап отыр.

“5-ші сыныптағы қыз сәл тұйықтау еді. Сабаққа күнде қатысып дер кезінде сабақтарын орындап жүрген. Анасы да жиналысқа қатысып жүрген”, – дейді мектеп директоры Ләзакат Тағаева.

33 жастағы Фируза Тулағанова бірнеше жыл бұрын күйеуі өлген соң бір қызын нағашыларына қалдырып, екі қыз бір ұлымен Сарыағаштың өзіне көшіп келген екен. Әр жерде кондитер болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрыпты.
Полицейлерге Фируза өз қылмысын жайып салған. Ол үлкен қызын буындырып өлтірсе, кейін кіші қызын да жайратып салған. Фирузаның айтқандарын көршілері естіп тұрыпты.

Көршілердің айтуынша полицейлермен келгенде оның айтқанын естіген. Үйіндегі заттарын шашып, екі қыз бір-бірін буындырып өлтіргендей қылып көрсеткісі келген. Кейін күйеуінің галстугымен буындырып өзі өлтіргенін айтқан.

Қатыгез әйелдің қолына сол жерде кісен салынған. Енді оның ақыл есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.

“Екі жасөспірім қыздардың мәйіті жеткізілді. Біреуі 2004, біреуі 2006 жылғы туыстар, апалы сіңлілі. Мойындарында тұншықтырылған белгілері бар”, – дейді Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Сапаров.

Фирузаның тағдыры енді сот-медициналық сараптамасынан кейін шешілмек. Ол тіпті өмір бойына темір тордан шықпауы да мүмкін. Ал, үлкен ұлы тірі қалған жалғыз қарындасымен туыстарының қолына өтетін болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз