Білімді бизнеске айналдыру керек

0
413

2

 

Қазақстанда білікті экономист мамандарды даяралауда Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетті топ бастап келеді. Таяуда университеттің ректорлық қызметіне Кшиштоф Рыбиньски сайланған болатын. Ол Польша Ұлттық банкінің вице-президенті, ЕО Комиссиясының экономикалық және қаржы мәселелері бойынша мүшесі, сондай-ақ Польшадағы Дүниежүзілік банкі директорының орынбасары болған, білікті маман. Жақында К. Рыбиньски мырзамен кездесіп, көкейде жүрген сұрақтарымызға жауап алдық.

 

– Кшиштоф мырза, сіз Еуропаның білім беру саласында жұмыс істеп, мол тәжірибе жинаған мамансыз. Айтыңызшы, батыс елдерінде жекелеген университеттер студенттердің әлеуметтік мәселелерімен айналыса ма?

– Әлбетте. Студенттердің жай-күйі университет үшін бірінші орында тұруы шарт. Қазіргі таңда Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары да студенттердің әл-ауқатын арттыруға барыгша күш салып жатыр. Бір байқағаным, Қазақстанда студенттер мен олардың ата-аналары қандайда бір мәселе туындасы оны шешу үшін ректордың болмаса проректордың алдында ұзақ уақыт кезекте тұрады екен. Ал Батыс елдерінде мұндай мәселемен арнайы комиссия айналысады. Арнайы комиссия студенттерді белгілі бір уақытта қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, оның шешумен айналысады. Бұдан басқа Еуропада университеттердің ішінде студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған қорлар жұмыс істейді. Әрине, қорларға қыруар ақша түсіп, бар мәселені шешілмейтіні анық. Бірақ азды-көпті болса да көмегін тигізеді. Осындай іс-тәжірибелерді Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарына да еңгізудің маңызы зор деп есептеймін. .

– Студенттердің белсенділігін қалай көтеруге болады?

– Студенттердің белсенділігін қоғамдық жұмыстар арқылы көтеру керек деп есептеймін. Бұл бағыттағы жұмыстар Қазақстанда да өз деңгейінде жүріп жатыр. Қазір университетіміздегі студенттер ұйымы белсенділерінің кеңсесі менің кабинетіме жақын ораналасқан. Олармен жиі кездесіп, ой-пікірлерін тыңдаймын. Сол кезде оларға жастарға белсенді болуы өз қолында екенін ұдайы айтамын.

– Ректор мырза, Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің стратегиялық даму бағдарламасын қабылдап жатқандарыңыздан хабардармыз. Сыртқы байланыстарды дамыту жолында өзге елдердің қандай жоғарғы оқу орындарымен әріптестік байланыс орнатуға күш салып жатырсыздар?

– Қазақстан білім беру саласын дамытуда «Баллон үрдісіне» қосылған елдердің бірі. Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті бұған дейінде сырт елдердің университеттерімен байланыс орнатып, бұл бағытта маңызды жұмыс атқарған. Алдағы уақытта біздер сол жұмыстарды қарқынды жалғастыратын боламыз. Бұл біздің стратегиямыздағы басым бағыттардың бірі. Келешекте АҚШ, Ресей және Ұлбританияның жетекші оқу орындарымен әріптестік байланысты күшейтуге бар күш жігерімізді жұмсайтын боламыз.

– Қазір Қазақстанда студенттерді жұмысқа орналастыру өзекті мәселелердің бірі. Айтыңызшы, Еуропа елдеріндегі жоғарғы оқу орындары студенттерді жұмысқа орналастыру ісімен айналыса ма?

– Әрине. Қазір Еуропада жоғарғы оқу орынды тәмамдап, жұмыс таба алмай жүрген жастардың үлесі салмағы өте жоғары. Сол себепті кәрі құрлықтағы оқу орындары студенттерді жұмысқа орналастыру ісіне қатты көңіл бөлуде. Бұл бағытта университет жанынан арнайы психолог мамандар жұмыс істеп, коучингтік орталықтар құрылған. Олар жастардың қиындықтарды еңсеріп, өмір жолында әлсіздік танытпауға үндейді. Қазақстанда да бұл мәселе өзекті екенін байқадым. Біздің университет жыл сайын 1500 жуық студент жастардың нақты бір мекемелерде іс-тәжірибеден өтуіне мүмкіндік туғызып келеді. Жастарды жұмысқа орналасып кетуіне осындай тәжірибелік сынақтардың мәні зор деп есептеймін. Жастар осындай сынақтар кезінде шынайы өмірмен бетпе-бет келіп, өздерінің мүмкіндіктерін таразылайды. Сондықтан университет басшылығы алдағы уақытта студенттерді жаппай іс-тәжірибеден өткізуге күш салатын болады. .

– Қазақстанға келгеніңізде білім саласындағы қандай өзекті мәселені байқадыңыз.

– Шынымды айтайын, дүниежүзіндегі университеттердің басындағы мәселелері бір-біріне ұқсақ. Өйткені, қазіргі ғаламдасу заманында бір елдің университеттері келсі бір елдің университетінен оқ бойы озып кеткен жоқ. Айталық, қазір дүниежүзінде оқу орындары мен бизнестің арасы тым алшақ. Бейленел айтсақ, екеуі бір-біріне теріс қарап тұр. Сондықтан оларды жақындату өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да, Германияға да тән құбылыс. Польшада оқу орына жетекшілік жасағанымда да осы мәселе алдымнан шықты. Ал Қазақстандағы жағдайды сіздерге айтып, уақыттарыңызды алғым келмейді. Қазір университет пен бизнес арасындағы байланысты жақындатуға баса мән беріп отырған жайымыз бар. Бұл ретте студенттерге «экономика саласына қатысты қандайда бір жұмыс жасаңыздар, оны бизнес жоба ретінде қарастырыңыздар»  деп ақылымызды айтудамыз. Өз басым бизнес пен білімнің бітеқайнасып жұмыс істеп жатқанын АҚШ пен Ұлыбританиядан байқадым. Аталған елдердің университеттерінде бизнес инкубаторлардың жұмыстары жолға қойылған. Жалпы, мұндай іс-тәжірибе Қазақстанда қолға алынған. Алдағы уақытта бізде бизнес инкубаторлар құрып, тиімді бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.

– ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласындағы стандарттары сіздің еркін жұмыс істеуіңізге қолайсыздық туғызбай ма?

– Жоқ. Кез келген оқу орыны білім саласына қатысты заңның шеңберінде жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан білім беру саласының стандарттары біздің жұмысымызға кедергі келтіреді деп айта алмаймын. Алдағы мамар айында ҚР Білім және ғылым министрілігіне дайындаған стратегиямызды таныстыратын боламыз. Сол кезді білім саласын дамытуға қатысты ой-пікірімізді айтамын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында жетекші жоғары оқу орындарына автономия беру мәселесін көтергенін білесіздер. Автономия. Бұл сөз дербестік дегенді білідіреді. Қазірдің өзінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Жалпы, әр университетке дербестік берілген жағдайда, бірегей оқу бағдарламасы қабылдап, жұмыс істейді. Осы тұрғыдан алғанда Білім және ғылым министрлігі университеттердің жұмысына қатаң шектеу қойып отыр деп айтпас едім.

Нұрлан Жұмақанов, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі.

http://www.dalanews.kz/suranys/kshishtof-rybinski-bilimdi-bizneske-ajnaldyru-kerek/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз