Президент сайлауының қорытындысы туралы ойларымен сарапшылар да бөлісіп жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,7% дауыс жинауыхалықтың болашаққа деген сенімін білдіреді, – дейді саясаттанушылар.
Константин Сыроежкин, саясаттанушы:
– Адамдар тұрақтылық үшін дауыс берді. Ал тұрақтылықты қамтамасыз ететін кім? Әрине, өмірлік тәжірибесі мол және Қазақстан үшін бағдарламалары шын мәнінде маңызды мемлекет басшысы. Халық әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен анық бағыт-бағдар үшін дауыс беруге барды.
Жәнібек Сүлеев, web-баспагер:
– Осы сайлау дауыс берушілердің белсенділігімен ерекшеленді. Бұны Қазақстанның орталығы мен батысында, оңтүстігінде және Астанада болған барлық байқаушылар атап өтті. Демек халық өзінің саяси және сайлау мәдениетінің жоғары екенін көрсетті деп есептейміз.
Рүстем Қадыржанов, саясаттанушы:
– Бұған дейінгі сайлауларды салыстыратын болсақ,1999 жылы Президент 80% дауысқа ие болған еді. Содан бері бұл көрсеткіш үнемі өсуде. Ал биыл Елбасы 97,7% дауысқа ие болды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ең бастысы – халық Президентке сеніп дауыс берді. Себебі осы жылдар аралығында ол халықты жаңа табыстарға жеткізіп келеді. Демек бұл халықтың көшбасшыға деген зор сенімінің көрсеткіші.