Павлодарда тәртіп сақшылары бесінші қабаттан лақтырылған үш баланы сәтті қағып алды

0
330
4
Бүгін Павлодарда көпқабатты тұрғын үйлердің бірі өртенді.
Бектұров көшесі, 111 мекенжайы бойында орналасқан төртінші және бесінші қабатта өрт шыққан пәтерлерден ата-аналар балаларды төмен қарай жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тосқан кілемге лақтыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мұндай батыл шешімнің нәтижесінде балғындардың ешқайсысы да зардап шеккен жоқ. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекова хабарлағандай, балалардың біреуі бір жасқа да толмаған. Сондықтан полицейлердің кеңесімен нәрестенің анасы бөбекті төмен қарай лақтырмас бұрын матрасқа ораған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін өрт салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерден 16 адам сыртқа шығарылды. Оның ішінде жеті балғынның денсаулығын тексеру мақсатында облыстық балалар ауруханасына жөнелтілді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз