Шыбындарды қатыстырып, жүргізілген тәжірибе осындай шешім жасауға негіз болған екен.
Оның барысында негізгі ұйқыдан бөлек 3-4 сағат қосымша ұйықтаған бұл жәндіктердің жадысының қалыпқа келетіндігі анықталыпты, деп жазады epochtimes.ru. Дрозофил шыбындары нейрондарының әрекет ету механизмі адамдікімен бірдей. Эксперимент кезінде биологтар оларға гендердің бірін уақытша жұмыс істетпейтін препарат берген. Сол сәтте олардың бірінде Альцгеймер ауруына ұқсас жағдай пайда болған. Ал тағы бірлерінде есте сақтауға қажет мидағы ішкі байланыстар жұмысы қиындыққа тап келген.
Осыдан соң шыбындарға көбірек ұйқы берілді. Нәтижесінде оның жаңа есте сақтауды қалыпқа келтіргендігі байқалды. Осыған байланысты ғалымдар ұйқының мидағы жасушалық байланыстарға жақсы әсер ететіндігін айтты.
Жалпы адамның күндізгі 45-60 минут ұйқысы есте сақтауды бес есеге арттырады екен.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/61716-osymsha-j-y-este-sa-taudy-alyp-a-keltiredi