Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтеді

0
591
6
Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, облыс әкімдері, Конституциялық кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері және мәртебелі қонақтар қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде Елбасы оң алақанын Конституцияға қойып, салтанатты түрде ант береді. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент куәлігін тапсырады. Салтанатты шара «24 KZ» арнасының тікелей эфирінде сағат 10:44-тен бастап көрсетілетін болады.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен Президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері Елбасыға 8 млн 833 мың 250 адам дауыс бергенін айтады. Айта кетейік, бүгінгі инаугурация – тәуелсіз еліміздің тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/61780-simi-tedi

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз