Алматыда 200 саудагер наразылық акциясына шықты (видео)

0
517

ss

 Бүгін Алматыда өртенген «Адем» базарының саудагерлері митингке шықты. Бұл туралы «Азаттық» сайты хабарлайды.

Кеше толықтай жанып кеткен «Адем» сауда орталығының бұрынғы саудагерлері мен бутик арендаторлары (жалға алушылар) наразылық акциясын ұйымдастырған. 200-ге тарта адам бір ауыздан «Назарбаев, құтқар бізді!» деп ұран салып, транспорт қозғалатын алматының солтүстік айналма жолын жауап тастаған. Наразылық акциясы болған жерге келген құқық қорғау органдары қызметкерлері ереуілшілерді жолдың шетіне шығарып, транспорт жолын ашқан. Қазіргі уақытта, ызаға булыққан  кәсіпкерлер мен саудагерлер жолды қайта жауып тастамауы үшін, полиция оларды күзетуде.

«Өрттен кейін біз ешкімге керексіз болып қалдық»,-дейді ашынған саудагерлер. Ал қарапайым саудагерлердің барлық тауарлары өртеніп кеткен. Олардың айтуынша, өрт кезінде Жетісу ауданының әкімі ғана келіп, саудагерлермен бірге болған. Ал Алматы қаласының әкімі мүлде аяқ баспаған.

Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуір күні бұрынғы «Барахолка» базарының бас жағында орналасқан «Адем» сауда орталығынан өрт шығып, өрт сөндіру қызметкерлері қып-қызыл өртті  тек 27 сәуір күні таңға жуық тоқтатқан. Кейін анықталғандай, «Адемдегі» өрт 25 мың шаршы метрді жалмап кеткен.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз