Әли Оқапов: Танымалдық жағынан Қайрат Нұртаспен бәсекелесе алмаймын

0
395

4U91p330arOBrFePpnoN03AT

Әли Оқапов Қайрат Нұртастың алдын орап, EMA 2013 Еуразиялық музыка премиясының “Ер кісілер арасында үздік орындаушы” атағын жеңген болатын.  Алайда, әнші gonzo.kz сайтындағы сұхбатында Қайрат Нұртасқа бәсекелес бола алмайтынын жасырмады.

“Мен “үздік ән”, “үздік бейнеклип” және “үздік орындаушы” номинацияларынан “Алға” бейнеклипіммен “үздік бейнеклип” номинациясын жеңуге үмітті болдым. Клипке менің достарым – Серік Сәпиев, Асылхан Төлепов түсті. Монтажға “567 Production” студиясы жауапты болды. Ал “үздік орындаушы” номинациясы маған бұйыратынын мен күтпеген едім. Бәрі Қайрат Нұртасты жақсы біледі. Мен өзімді оған танымалдылық жағынан бәсекелес санамаймын.  Қайраттың жанкүйерлері  атақ маған берілгенді қалай қабылдайтынын білдім.  Олар “сатып алды, Әли біздің Қайратпен салыстыруға да келмейді” деп шығады. Бұл атаққа барынша лайықты болуға тырысып бағамын” – дейді әнші.

Әнші өзін қос тілде де сауатты сөйлейтін, дәстүрін құрметтейтін “еуроазиаттар” қатарынан санайды екен.  Оқапов коммерциялық әндер жазбаса да,  той бизнесті жақсы табыс көзі санайды. Ол сұхбат барысында қандай түстер мен стильді ұнататынын жария етті.

“Мен ең бастысы киімнің ыңғайлы болуына мән беремін. Жақсы көретін түсім – қара. Негізінен сникерстер (кроссовка) киемін. Жарқын түстерді сирек қолданамын, салқын түстерде киінгенді жөн санаймын”,  – дейді Оқапов.

Әли сұхбат барысында қорқыныштарының көп екенін жасырмады.

“Менің қорқыныштарым көп. Еларнадағы “Сынақ” реалити-шоуында бірталай қорқыныштарымды жеңдім деуге болады. Мен жылқыдан өзге барлық жануарлардан қорқамын. Тіпті үй жануары болсын: мысықтардан менде аллергия, ал иттер мені Талдықорғанда бала кезімде талаған болатын. Балық жемеймін, тарақандарды, жәндіктерді ұнатпаймын”, – деп ағынан жарылды әнші.

Оқапов тілшіге әнші болмаған жағдайда кім болатынын айтып берді.

“Мен әнші болмаған жағдайда әскерге барар едім. Көпшіліктің әншілер “нәзік жанды” деулеріне келісе алмаймын. Мәселен мен қарудан өте жақсы ата аламын, мектепте 100 метр қашықтыққа жүгіруден алғашқысы болатынмын”, – деді әнші.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз