Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды.
Бұл туралы Қазақпарат Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланғанын мәлім етті.
Хабарламада мемлекет басшысы Ақордада парламент мәжілісі фракциясының басшыларымен кездесу өткізіп жатқаны айтылған.
Еске сала кетсек, бүгін 29 cәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау рәсімінен соң, Назарбаев үкіметтің өкілеттігін доғару туралы өкімге қол қойды.
Сонымен қатар президент өкімімен мемлекеттік орган басшылары да отставкаға кетті.
Дереккөз: Nur.kz