Роза Рымбаева: Батырхан бауырым менің жүрегімде мәңгілік қалады

0
511
4
Бүгін қазақ өнері тағы бір шоқтығы биік күміс көмей әншісінен айырылды.
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Батырхан Шөкенов 53 жасқа қараған шағында өмірден озды. Оның қазасы талайдың қабырғасын қайыстырды. Өнер жолын «Арай» эстрадалық ансамблінің құрамында саксофонист ретінде бастаған ол кейіннен әйгілі А`Studio тобының солисі болды. Оның жанды дауыста орындаған әуезді әндері тыңдарманның көңілінен шықты. Талантты әнші өз елінде жерленеді деген хабар бар.
Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі:
– Батырхан Шөкенов дүниежүзілік деңгейдегі музыкант, әнші, әртіс, композитор деп мақтанамын. Жалғыз мен емес, бүкіл Қазақстан халқы Батырханмен мақтанады. Өкінішке қарай, бүгінгі күн қазақ халқы үшін, қазақ өнері үшін орны толмайтын қайғы. Батырхан бауырым менің жүрегімде мәңгілік қалады.
Авторы:Назерке Султанкулова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/61855-alady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз