«Прогресс» ғарыш жүк кемесі Жерге құлап келеді

0
457
 1
          Халықаралық ғарыш стансасына жүк жеткізу үшін Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М27М» кемесі бақылауға ерік берместен құлап келеді.
           Ұшуларды бақылау орталығы осы ретте былай деп мәлімдеді: «Ғарыш кемесі жылдамдығын жоғалтқан. Оның ауа қабаттары бойынша төмендеуі Күн бетіндегі желге байланысты болмақ. Жалпы алғанда 1 тәулік ішінде «Прогресс М27М» бірнеше ондаған метрге дейін төмендеген».
Енді оның Жер бетінің қай бөлігіне және нақты қай күні түсетіндігін анықтау тек оның құлауына бірнеше сағат уақыт қалғанда ғана белгілі болады.
Алдын ала болжам жасаған мамандар ғарыш кемесі 3 мамырға дейін Жерге жетіп, құлауы мүмкін екендігін айтуда, деп жазады newsru.com.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Ұшуларды басқару орталығы «Прогресс М27М» ғарыш кемесінің кенеттен Жермен байланысқа шықпай қалғандығын хабарлаған еді.
Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/61909-progress-arysh-zh-k-kemesi-zherge-lap

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз