Қазақстан халқы Елбасының жеңісін тойлауда

0
463
ң
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағының алдында Қазақстандағы этномәдени орталық белсенділері Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент сайлауындағы жеңісіне арнап флешмоб өткізді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, зиялы қауым, жастар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналып, ерекше флешмобқа қатысты. Қазақстанда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері еліміздің мемлекеттік нышандарын бейнеледі. «Бұл көрініс ұлт көшбасшысы айналасына ұйысқан бірлікті білдіреді», – дейді ұйымдастырушылар.
Мансур Милазов, Қазақстандағы әзербайжан қоғамы төрағасының орынбасары: – Елбасын Президент сайлауына ұсынған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда да осы Елбасын жұмысына кірісуімен құттықтап отыр. Елімізге тыныштық, бірлік татулық сыйлаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бақтияр Сәбденәли, белсенді жас:
– Бүгін Алматы қаласының жастары ұлықтау рәсіміне орай Елбасымызды қолдау үшін өз ынталарымен осы алаңға жиналып отыр. Елбасының көреген саясаты бізді жарқын болашаққа жетелейді деген сенімдеміз.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/61954-zhe-isin-tojlauda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз