Батырхан Шүкенов Алматыдағы Кеңсай бейітіне жерленеді

0
429

Белгілі музыкант, эстрада әншісі және композитор Батырхан Шүкенов Алматыдағы Кеңсай бейітіне жерленеді.

Батырхан Шукенов

“Батырдың денесі Алматыға жеткізілді. Оны Кеңсай бейітіне жерлейді”, – деді әншінің туыстары бейсенбіде.

Туғандарының айтуынша, Батырхан Шүкеновпен қоштасу жұма күні таңғы 9-да басталады.

Еске сала кетейік, азаматтық жаназа Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ғимаратында өтеді.

Хабарланғандай, қазақстандық әнші 53 жасында 29 сәуірге қараған түні Мәскеуде өмірден өтті.
Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылордада дүниеге келді. Музыкалық мансабын әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы міндетінен бастаған.

1988 жылы достарымен бірлесіп “А’Студио” тобын құрып, оның солисі мен фронтмені атанады. Ансамбль “Джулия”, “Махаббат сарбазы”, “Осынау шуақты жаз күндері”, “Сүйікті емес” және басқа хиттермен танымал болады.

Әртіс жеке (соло) мансабы үшін 2000 жылы топтан кетеді. Осы уақыт аралығында өз әндерімен 6 күйтабақ шығарады.
Батырханның бірінші некесінен Мақсұт атты ұлы бар, ол да саз өнерімен айналысады. Ол 2002 жылы туған. Қазіргі таңда Америкада тұрады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз