Берлинде Charite қызметкерлері ереуілге шықты

0
429
3
Берлинде Еуропадағы ең ірі госпиталь Charite қызметкерлерінің жаппай ереуілге шықты.
Осыған байланысты алдын ала жоспарланған 400-ге жуық операцияны жасау кейінге шегерілген. Медицина мамандары мен санитарлар кешегі түнгі кезекшілікке шықпай қойған. Емханадағы қызметкерлердің жетіспеушілігінен ондаған бөлімше жабылып, қабылдау бөлмелерінде үлкен кезектер пайда болды.
700-ден астам медицина қызметкері көшеге ұран сөздер ұстап шықты. Жаппай шерудің кесірінен бірнеше көше жабылды. Наразы топ жалақыны көтеруді емес, еңбек жағдайын жақсартуды, оның ішінде түнгі ауысымға шығатын штат санын арттыруды талап етуде. Қазір медбикелер кезекшілікті жалғыз атқарып, барлық 25 науқасқа бір өзі қарайды.
Майки Егерь, Ver.di кәсіподағының бөлім басшысы:
– Медбикелер мен санитарлар бұдан былай мұндай жағдайда жұмыс істей алмайды. Жұмыс ауқымы өте үлкен, бұл науқастардың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан біз еңбек жағдайын түзеуді талап етеміз. 2 күннің ішінде бұл идеяны 1500 адам қолдап отыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/61998-berlinde-charite-yzmetkerleri-ereuilge-shy-ty

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз