Депутаттар “Радиоточкаға” берген сұхбатында не себепті Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын қолдағанын түсіндірді деп хабарлады NUR.KZ.
“Нұрсұлтан Әбішұлы қазіргі жағдайда үкімет жұмысының қарқынын бұзбау қажет деп айтқан болатын. Бұл бірінші себеп. Ал екіншісі – елбасы ұлықтау рәсімінде бізге (депутаттардың – “Радиоточка” ескертпесі) заң мен өзгертулерді теңдестіріуіміз керектігін жеткізді”, — деп түсіндірді депутат Егор Каппель отырыста.
Ол сонымен қатар, жаңа үкіметте кішігірім ауыс-түйістер болатынын болжады. Депутаттың ойынша, ауыс-түйіс облыс әкімдеріне қатысты болмақ.
“Жұмыс істеу керек. Сол себепті осындай шешім қабылданды. Премьердің кандидатурасы барлығының көңілінен шықты”, – деді Глеб Щегельский.
Бұрынғы генерал Бақытжан Ертаев бұл жайтқа қысқаша пікірін айтып өтті:
“Оның еңбек тәжірибесі бар. Халық та, біз де оны жақсы танимыз. Ол алғашқы жыл жұмыс істеп келе жатқан жоқ. Сол себепті мақұлдады”, — деді Ертаев.
Юрий Тимощенко болса дағдарыс жағдайында премьер-министрді ауыстырудың еш қажеті жоқтығына сенімді.
“Елде дағдарыс орын алуда. Үкімет те, премьер де жұмыстарын жақсы атқарып жатыр. Ал жаңасын тағайындаса оның үрйенісіп, орнығуына бірталай уақыт кетер еді. Біздің үкімет айтарлықтай икемді, біз ортақ шешімдер қабылдаймыз”, — дейді ол.
Депутаттың ойынша, министрлер де жұмысын жақсы атқаруда және олардың орнын аусытырудың мәнісі жоқ.
Ал Нұрлан Жазылбеков Мәсімовті тәжірибесі мол дағдарыс менеджері атады.
“Қазіргі премьерді біз дағдарыс уақытында қызмет атқарған адам ретінде танимыз. Оның дағдарыс уақытында басқару тәжірибесі мол болды”, — деді депутат.
Естеріңізге сала кетсек, кеше мәжілістің пленарлық отырысында президенттің қатысуымен депутаттар бірауыздан премьер-министр лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевпен ұсынылған кандидатураны қолдаған болатын. Министрлер кабинетін бұрынғыша Кәрім Мәсімов басқаратын болды.
Дереккөз: Nur.kz