12 мамырдан бастап Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған меншікті тілшіміз Әлия Сыздықова.
Тұрғындардың табиғи апат салдарынан зақымдалған мүлкін қалпына келтіру үшін төмен бағамен тұрмыстық техника, жиһаз және құрылыс материалдары сатылатын көшпелі жәрмеңке өткізіледі. Қазіргі уақытта осы мақсатта ірі сауда орталықтар мен делдалдармен келіссөздер жүруде.
Естеріңізге сала кетсек, еріген қардан болған топан су кесірінен аймақта 50 елді мекен зардап шегіп, 2107 үйді су басты. Қазір комиссия тілсіз жаудан келген шығынды есептеп жатыр. Осыған дейін хабарлағандай, Ғ.Мұстафин атындағы ауылда апатты баспаналардың орнына жаңа үйлер салу 5 мамырда басталады.
Аударған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/62017-ara-andy-oblysynda-y-su-tas-ynynan-z