БҰҰ Непалға 415 млн доллар көмек беруге шақырды

0
440
4
БҰҰ жойқын зілзаладан зардап шеккен Непал тұрғындарына шұғыл көмек беру үшін донор елдерді 415 миллион доллар бөлуге шақыруда.
Осы елдегі халықаралық қауымдастықтың гуманитарлық көмек беру жөніндегі үйлестірушісі Джейми Макголдриктің айтуынша, непалдықтарға ең алдымен су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен уақытша баспана қажет. Сонымен қатар БҰҰ-ның өкілдері үйінен айырылған 500 мың тұрғынға шатырлар берілетінін жеткізді. Бұдан басқа 4 миллион 200 мың адамға жедел медициналық көмек көрсетіліп, ең қажетті заттар берілмек.
Джейми Макголдрик, БҰҰ-ның Непалға гуманитарлық көмек беру жөніндегі үйлестірушісі:
– Көрсетілген қаржы көлемі 3 айға есептелген және зардап шеккендердің ең шұғыл қажеттіліктерін өтеу үшін жұмсалады. Бұл ақша бірінші кезекте азық-түлік, ауызсуы мен уақытша баспанамен қамтамасыз ету үшін қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Непалдағы қуаты 7,9 балдық зілзала 25 сәуірде болды. Жер сілкінісінен 6 мыңнан астам адам қаза тапты. БҰҰ-ның бағалауынша табиғи апаттан 8 миллионға жуық. адам зардап шеккен.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62024-k-mek-beruge-sha-yrdy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз