«Алау» мұз сарайында Қазақстандағы ең үлкен роликодром ашылады

0
383
5
1 мамыр күні елордалық «Алау» мұз сарайында жазғы спорт орталығы өз жұмысын бастайды.
Мұз сарайы тарихында алғаш рет мамыр айында бұқаралық коньки тебу маусымы жабылмайды. Бұдан басқа мұз сарайында үстел теннисі орталығы, еліміздегі ең үлкен роликодром және екі бадминтон алаңы ашылады.
Жазғы спорт орталығы бұқаралық қолжетімділік бағдарламасының бір бөлігі болып саналады. Бүгінде «Алау» мұз сарайына 800 мыңнан астам адам келіп үлгерді. Спорт кешені мұзайдын сарайы болғанымен, мұнда басқа да жазғы спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалмақ.
Осы уақытқа дейін Астана қаласында арнайы роликодром болған емес. Аталған ролик тебуге арналған жолдың ұзындығы 5600 шаршы метр.
«Алау» мұз сарайына келуші адамдардың көптігі біздің бұқаралық қолжетімділік бағытымыздың дұрыс екендігін дәлелдейді», – дейді мұз сарайының директоры Наиль Нуров. Бүгінде нысан сағат 7:00-ден сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді. «Алау» жазда да сұранысқа ие екенін дәлелдегіміз келеді. Жазғы спорт орталығының ашылуы осыған дәлел тамыз айында мұнда дзюдодан әлем чемпионаты өтпек.
Бұқаралық сырғанауға келгендер үстел теннисі, бадминтон және ролик тебу секілді спорт түрлеріне де қатыса алады. Қала тұрғындары хоккей кортына билет ала отырып, басқа да спорт түрлерінен сеанстарға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жазғы орталықта бір күн 4 сағаттан екі сеансқа бөлінеді. Ересектер үшін билет құны 1000 теңгені, ал балалар үшін 500 теңгені құрайды. Жұмыс күндері студенттер үшін 50% жеңілдік жасалады.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/62026-lken-rolikodrom-ashylady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз