Астана. 30 сәуір. Baq.kz – Ертең 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматыдағы Мемлекеттік Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының саябағында лағман дайындалады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық Келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйғырлардың дәстүрлі дайындау жолымен 30 аспаз 500 келі (1500 кісілік тамақтан аса) лағман дайындайды. Бұл шара ертең 1 мамыр күні сағат 12:00-де басталады.
Сонымен қатар іс-шара барысында мерекелік концерт, лағман жасаудан шебер-сабағы, мәдени ойын сауық бағдарламасы, Солтүстік Полюске барып келген Бірінші Қазақстандық шаңғы экспедициясының мүшелерімен тілдесу ұйымдастырылады.
Аталмыш науқанға Қазақ Географиялық Қоғамының кезекті рекордын орнату үшін, Гинестер рекордтар Кітабының төрешілері шақырылған.
Мерекелік шара Алматы қаласындағы Қ.Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының саябағында (Наурызбай Батыр көшесі 83) өтеді.
http://baq.kz/kk/news/64564