Елімізде «Шырқа, дауысым!» республикалық ән байқауы өтеді

0
566

3

Астана. 29 сәуір. Baq.kz – Мамыр айының басында елімізде «Нұр Отан» партиясы мен Алматы қаласы Оқушылар сарайының қолдауымен «ШЫРҚА, ДАУЫСЫМ!» атты Республикалық жасөспірімдер арасындағы ән байқауы өтеді. Шараны ұйымдастырушы – Нұрлан Албан мен “TARTU production”.

4

«Шырқа, дауысым!» атты ән байқауы-өнерге бет бұрған жастарымыз бен жас жеткіншектеріміздің рухани тынысын кеңейтіп, эстетикалық сана – түсігінің терең қалыптасуына және патриоттық рухтың жандауына, елімнің, жерімнің мақтанышы болуына негіз болады. Әрбір орындаушы осы байқауда тәлім-тәжірибе жинақтай отырып, үлкен сахнаға қадам басады. Ұрпақ тәрбиесіне айырықша мән берген қазақ халқы небір әдемі әуенге өрілген, асыл сөздің мөлдіреген моншақ кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой – санасын ізгілікпен адамгершілікке жетелеген. Сондықтан, осы байқаудың жасөспірімдер арасында өтуі-жастарға халықтық дәстүрлі әндерді насихаттауға зор ықпалы болады деп сенемін» дейді танымал әнші, байқау ұйымдастышыларының бірі Нұрлан Албан.

Байқаудың шарттары:

Байқау эстрада вокал жанрында өтеді.

Қатысушылардың жас ерекшеліктері:

– кіші топ 7 жастан 9 жасқа дейін;

– орта топ 10 жастан 13 жасқа дейін;

– жоғары топ 14 жастан 17 жасқа дейін;

Байқау жанды дауыста өтеді. («Бэк» вокалға және би топтарымен әрлеу қойылымдарына рұқсат.)

Байқауда бағаланатындар:

– вокалдық ерекшеліктері, дауыстың кеңдігі(диапазоны), репертуарды таңдау жасауы
– музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, әннің сөзі мен әуенінің сапалығы
– актерлік шеберлігі,сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетінің сақталуы

http://baq.kz/kk/news/64456

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз