АҚШ азаматы Обаманың кесірінен көшеде босанды

0
385

Астана. 6 сәуір. BAQ.KZ – АҚШ-тың Луисвил қаласында Ақ үй қожайыны Барак Обаманың кортежі өтіп кеткенше көліктер кептеліп, жүкті әйел перзентханаға жете алмай жолда босанған.
6

911 құтқару қызметіне қоңырау кешкі сағат 17.15 шамасында түскен. Хабарласқан адам көшеде жүкті әйелдің босанып жатқандығын хабарлаған. Ол көлік кептелісінің салдарынан перзентханаға жетіп үлгермепті. Абырой болғанда, сол кептелістегі көліктердің бірінде медбике болып, әйелді аман-есен босандырып алған.

Жедел-жәрдем араға тек 10-15 минут уақыт салып келді. Олар ана мен баланы дереу ауруханаға жеткізген. Қазіргі таңда екеуінің де денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Айта кету керек, Обаманың кортежі бұған дейін де аяғы ауыр әйелдің жол бойында босануына себепкер болған еді. Оқиға өткен жылдың шілдесінде Лос-Анджелес қаласында болған. Көлік жүре алмаған соң әйел медициналық орталыққа жаяу бармақ болады. Алайда, ол негізгі жолды кесіп өте алмай, көше бойында босанған.
Islam.

http://baq.kz/kk/news/63177

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз