Кальвадос департаментіндегі Шан-дю-Буль елді мекеніндегі жер телімдері шаршы метрі үшін 1 еуродан сатылуда.
Сатып алушыға қойылатын жалғыз шарт – сол жерге үй салып, тұрақты тұруы тиіс.
Әрқайсысының ауданы 1000 шаршы метр болатын 4 жер телімі саудаға қойылған, деп жазады rbc.ru. Елді мекеннің мэрі мемлекеттен бөлінетін қаржы мөлшері азайғандықтан, ол жерлерді күтуге ақша табу үшін осындай қадамға барған.
Бұрын бұл телімдер шаршы метрі үшін 12 метрден сатылыпты. Бірақ 2007 жылдан бері оны бір де бір сатып алушы болмаған.
Шан-дю-Бульде 388 адам тұрады, олардың төрттен бірі Ұлыбритания азаматтары екен. Елді мекен атауы «Қайыңды алқап» дегенді білдіреді.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62049-frantsiyada-sharshy-metri-1-euro