ОҚО-да 70 жастағы қария 12 жасар қызды зорламақ болған

0
501

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 70 жастағы қария жасөспірімге азғындық жасамақ болған. “Ол – 12 жасар қызымыздың мүгедектігін пайдаланып, арам пиғылын жүзеге асырмақ болды”,- дейді ата-анасы.

кентау кыз

Бұған қатысты жергілікті полиция бөліміндегілер өз түсініктемесін берді.

Кентау қаласынан  шеткері 500 метр қашықтықта орналасқан қоқыс тастайтын жерде жетпіске жетіп қалған қария жаға ұстатар жағдайға жол бермек болыпты.

12 жасар қыздың мүгедектігін пайдаланып, көлікке күштеп салып осында әкеткен”,- дейді ата-анасы. Іздері күні кешеге дейін сайрап жатты деп отыр.

“Ары қарай жол жоқ. Жол ар жақтан келеді. Ол осы жерге арнайы алып келген сол қызды. Осы жерден протекторын түсіріп, осы жерде машинаның тоқтағанын көрсетті, суретке түсірді”, – дейді куәгер.

Ата-анасы үйінде жоқ жасөспірім қыз өзінің көрші құрдасымен есік алдында ойнап жүрген. Оны күштеп әкеткенде де сол қаршадай көршісі құтқарып қалыпты.

“Анау қоқыс жаққа әкетті. Мына шеттен, мына шеттен ұрып жатыр екен. Аружан жылап жатыр екен. Терезесін ұрдым. Бір уақытта ашты есігін. Аружан жылап жатыр екен. Қолынан сүйреп, қайттық екеуміз”, -дейді  куәгер Талғат Мәуленов.

Әбден қорқып қалған екі жасөспірім ертесіне ата-анасына оқиғаны баяндап берген. Содан кейін ғана полиция шақырған. Ақырында, қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ, деректермен де, іспен де таныспағанын айтты.

“Барған кезде жолықтым. Мен айттым: «маған осы таңға дейін жиналған материалдарды тізім бойынша көшірмелерін беріңіздер. Ертең ішінде бір парағын алып тастап, басқа бір парағын орнына қоятын ауытқулар болады ғой. Соны білейін десем, маған ол тізімнің көшірмесін сізге бере алмаймыз, сізге берілмейді» деп айтты”, – дейді қыздың  анасы Гүлмира Баженова.

Дегенмен, Кентау қалалық Ішкі істер бөліміндегілер қылмыстық істі жүргізуде ешқандай қысым мен бұрмалау болған жоқ екенін түсіндірді.

“Аталған факт бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті ұсталып, оқиға бойынша оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шарасы қолданылып, қалалық сотпен санкцияланған. Қазір қылмыс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде”,-дейді Кентау қалалық Ішкі істер бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Мұрат Ермеков.

Қазір облыстық сот медициналық сараптаманың қорытындысы ғана анасының қолында бар.  Ондағы мамандар мүгедек қыздың белден төмен жеңіл жарақат алғанын растап беріпті.

Енді 12 жасар жасөспірім анасының қасынан қадам аттап шығуға қорқады. Ұстаздары үйіне келіп, дәріс беріп жүр.

Қаршадай қызының азғындықтың құрбаны бола жаздағанына қатты налыған ата-анасы “күдіктінің кінәсі дәлелденіп тиісті жазасын алсын”,- деп тілеп отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз