Америкалық каратэші әрі модель Мишель Уотерсон Абсолютті жекпе-жек чемпионатында (UFC) өнер көрсету үшін келісім-шартқа қол қойды.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Спортшы ең жеңіл салмақ дәрежесінде (52 келіге дейінгі) алаңға шықпақ. Бұл үшін енді Уотерсон бірнеше келіге толығуы шарт.
Ол қол қойған құжаттың өзге жәй-жапсары белгісіз. UFC-ге дейін 29 жастағы каратеші тек ғана әйелдер арасында өтетін Invicta ұйымының өкілі болған еді.
Уотерсонның каратеден қара белдігі бар, ол қатысқан 16 жекпе-жектің тек төртеуінде ғана жеңілген.
2004 жылдан бастап, ол фитнес-бикини стиліндегі модель болып жұмыс істеді.
Дереккөз: 24.kz
http://www.nur.kz/745831.html