Алматы облысында бір орында сіресіп тұрып қалған адамға қатысты түсінік берілді

0
421

 

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы сауда орталығында алкогольді ішімдік салдарынан қатып қалған адам туралы түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

photo_71880
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Құсмолданованың айтуынша, жәбірленуші алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерден көп ішкен.

“Мұндай синдром әдетте ішімдікті көп уақыт бойы пайдаланған адамдарда болады. Жәбірленуші мастығы тарағаннан кейін өз аяғымен үйіне кетті. Дәл осындай жағдай аз болады, дегенмен алкогольді ішімдік салдарынан есінен танып қалатын жағдайлар көптеп кездеседі”, – деді Құсмолданова.

Оның айтуынша, ер адамды мамандар қарап шығып, оның денсаулығына қауіпті ештеңе анықтамады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорғандағы сауда үйінде ер адам қозғалмай бір орында қатып қалғаны хабарланған болатын. Ол дәл соылай бірнеше сағат бойы тұрған. Кейін оны зембілге жатқызып, Алматыдағы ауруханалардың біріне “жедел жәрдем” көлігімен алып кеткен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз