Росғарыш агенттігінің мамандары осы мерзімді атауда.
28 сәуірде Халықаралық ғарыш стансасына жүк жеткізу үшін Байқоңырдан ұшырылған «Прогресс М27М» кемесі қазір бақылауға ерік берместен құлап келеді. Енді оның Жер бетінің қай бөлігіне және нақты қай күні түсетіндігін анықтау тек оның құлауына бірнеше сағат уақыт қалғанда ғана белгілі болады, дейді мамандар. Ал осыған дейін олар ғарыш кемесі 3 мамырға дейін Жерге жетіп, құлауы мүмкін екендігін айтқа болатын. Сондай-ақ ол ауа қабатында жанып кетуі ықтимал.
Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/62190-progress-zh-k-kemesi-zherge-5-7